Сабақта балалар Blender, SketchUp, Legodigitaldesigner сияқты бағдарламаларда 3D үй үлгілерін, 3D фигураларды және әртүрлі кейіпкерлерді жасауды үйренеді. Оқушылар саздан мүсін жасайды, картоннан, ағаштан, пластиктен және көбіктен үйлер жасайды, түстерді үйлестіруді үйренеді. Топ оқушылардың әрқайсысы өз бөлігі үшін жауап беретін ортақ жобалар жасайды.