Оқушылар сарайы туралы
Оқушылар сарайы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырысы бойынша балаларға мектептен тыс білім беру үшін арнайы жеке жоба бойынша салынды.
Оқушылар сарайының ғимараты – 1984 жылдан бастап Республикалық маңызы бар тізілімге енгізілген тарихи маңызы бар сәулет ескерткіші, авторлары В. Н.Ким, А. П. Зуев және Т. С. Әбілдаев.
Оқушылар сарайының ғимараты 12 павильоннан тұрады, олардың ішінде қолданыстағы пайдалы аудан 35 мың шаршы метрден асады. Сарай бір нүктеге шоғырланған түрде бірнеше спиральдан тұратын ерекше пішінге ие. Композицияның орталығы-салтанат залын жабатын күмбез.