Новости (казахский)

MILSET EXPO-Sciences Vostok жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығының халықаралық көрмесі

Тұран университетінде 2022 жылғы 11 қазанда MILSET Expo–Sciences Vostok жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығының Халықаралық көрмесі өтті.

Оқушылар сарайының оқушысы Аманкелді Шолпан осы көрмеде тәлімгерлер Валерий Викторовичпен және Владимир Александровичпен бірге астронавтика саласында дайындалған өз жобасын көрсетті, ол стратосферада деректер жинауға қабілетті құрылғы болып табылады.

Ұсынылған жоба жоғары бағаланып, Аманкелді Шолпан көрмеде бірінші орынды иеленді.