Президентті бірінші кезеңнің нәтижелері және ғылыми-білім беру орталығын одан әрі қалпына келтіру және жаңғырту жоспарлары туралы хабардар етті. Мемлекет басшысы биология және нейротехнология, гидропоника, 3D-модельдеу және робот жасау зертханаларын, сондай-ақ анимация, дыбыс жазу және білім беру медиа жобалары студияларын аралап көрді.
Сапар барысында Мемлекет басшысы оқушылармен әңгімелесіп, оларды Наурыз мерекесімен құттықтады. Президент балаларға сыйлықтар, соның ішінде мобильді құрылғыдан басқарылатын соңғы буын оқу телескопын табыс етті.
Қасымжомарт Тоқаев Оқушылар сарайына автобус сыйлады.










