Новости (казахский)

Спорттық пилоттық жарыс

2022 жылдың 1 маусымында Алматы қаласы Оқушылар сарайының ғылыми - техникалық шығармашылық бөлімінде "балаларды қорғау күні"мерекесіне орай спорттық пилоттық жарыстар ұйымдастырылып, өткізілді.

Өткізілген іс-шараға әр түрлі жастағы балалар белсенді қатысты. Жарыста балалар белгілі бір уақыт кезеңіне дрондарды басқаруда өз шеберліктерін көрсетті, сондай-ақ концерттік бағдарлама дайындалды. Іс-шара соңында әрбір қатысушы қатысу туралы сертификат алды, сондай-ақ екі жас санатында I, II, III орын алған жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.