Бұл форумның тақырыбы: "Білімді ұлт: білімге, еңбекқорлыққа және патриотизмге ұмтылу". Алматы қаласы мектептерінің педагогтары мен директорлары Оқушылар сарайының жұмысына жоғары баға берді. Оқушылар сарайының ғылыми - техникалық шығармашылық бөлімінің мұғалімдері мен оқушылары арасындағы диалогта қосымша білім берудің маңыздылығы және мектеп пен қосымша білім беру арасындағы мүмкін болатын ынтымақтастық атап өтілді.






